«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРЫП, салықтан жалтарған қылмыстық топ құрықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаржы полициясы 6 жылдан астам уақыт аралығында қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ұзақ-мерзімді тексеріс нәтижесінде 2006-2013 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару мен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсету мақсатында 25-тен астам жалған кәсіпорын құрған ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Қылмыстық топты Ресей азаматы П.Войлошников басқарған, топтың құрамында Е.Вайло, Т.Әбілев, Е.Увалиев, И.Терещенко, А.Савченко, С.Кузнецов және басқа да тұлғалар болған.

Бүкіл қаржылық және есептік құжаттарды Е.Вайло жүргізген. Топтың басқа мүшелері П. Войлошниковтың нұсқауымен әртүрлі коммерциялық ұйымдардан жалған кәсіпорындардың есепшоттарына түскен қаражатты колма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

Қаржы министрлігі Салық комитетінің қорытындысына сәйкес аталған жалған кәсіпорындардың қызметінен мемлекетке төленбеген салық түрінде 3 млрд. 828 млн. теңге залал келтірілген. Биылғы жылғы 12 сәуірде Қаржы полициясы агенттігі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. 15 сәуірде Петропавл қаласында 3 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаннан кейін қылмыстық топтың жасырын пәтерлерінің бірінде П. Войлошников ұсталды. Осы күні аталған фирмалардың кеңселерінде және қылмыстық топ мүшелерінің тұрғылықты жерлерінде жасалған тінтулердің нәтижесінде 17 кәсіпорынның құжаттары, 11 кәсіпорынның мөрлері, компьютерлік техника, сондай-ақ, жалған кәсіпорындардың мәліметтері сақталған флэш-карталар алынды.

П. Войлошников пен топтың 5 мүшесі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық іс тергелуде, тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp