«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІП ТҰРЫП, ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның бірінші лигасының 4-туры өтті. “Қызыл-Жар СҚ” командасы өз алаңында Ақтау қаласының “Каспий” клубын қабылдады. Турнир кестесінде қызылжарлық құрама 2-ші орынға жайғасты. Ал ақтаулық команда әзірге 13-ші орында. Тартысты өткен ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров жанкүйерлермен бірге тамашалады. 

Аманжол НҰРТАЗИН,
журналист.

Ойын басталысымен қызылжарлықтар ақтаулық команданың қақпасына доп соғуға әрекеттенді. Алайда, барлық қауіпті шабуылдар сәтсіз болды. Ақтаулық “Каспий” командасы да тойтарыс беруге тырысты. Ойынның алғашқы минуттарында каспийліктер “Қызыл-Жар СҚ” қақпасының айып алаңына еніп, ойыншысы құлады. Алайда, бұл пенальти берілсін деген қарекет екен. Өтірік құлағаны үшін ойыншыға төреші сары қағаз көрсетті.
Қарымта шабуылда “Қызыл-Жар СҚ” командасының ойыншысы белгіленген айып добын іске асырды. Осылайша, қызылжарлықтар есеп ашты. Голды Олександр Згураның әуеден берген пасынан Александр Стахив соқты.
3 минуттан соң, “Қызыл-Жар СҚ” командасы есепті еселей түсірді. Гол авторы – Олександр Згура.
Бірінші таймның ішінде екі құраманың ойыншылары 5 сары қағаз алып үлгерді. Ойынның екінші бөлімінде “Қызыл-Жар СҚ” командасы босап кетті. Соның салдарынан 52-ші минутта каспийлік ойыншы Бақыт Байсаров қызылжарлықтар құрамасының қақпасына гол соқты. Көп ұзамай “Каспий” командасы тағы бір допты қақпаға дарытты.
Ойынның екінші бөлімінің алғашқы минуттарынан “Қызыл-Жар СҚ” командасының 2 ойыншысы алаңнан қуылды. Екі сары қағаз алған футболшылар дөрекі ойын үшін алаңнан аластатылды. 68-ші минутта айып добын орындаған каспийлік ойыншы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.
Осылайша, 4 турдың ойын қорытындысы бойынша 2:3 есебімен қонақтар құрамасы 3 ұпайды еншіледі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp