«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНТЕРНЕТ- ОЛИМПИАДАЛАР АРҚЫЛЫ шығармашылық мүмкіндік жүзеге асырылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира БЕЙСЕНОВА,

СҚУ колледжі директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 

Бүгінгі күні бүкіләлемдік Интернет компьютер желісі ең ірі әрі қолжетімді деректер қорына және оқыту құралына айналып отыр. Интернет жариялылық пен қарым-қатынас құралы, мол мультимедиа мұрағаты, жаһандық ойын алаңы болып табылады. Меніңше, Интернеттің жағымсыз әрекеттеріне жол бермейтін және оның игіліктерін тиімді пайдаланып, қауіпті тұстарына қарсы тұра алатын, жасөспірімдерді ақпараттық ортада өмір сүруге үйрететін педагогикалық жүйе ойлап табу оқу орнының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні оқытушылар мен оқушылардың оқу үдерісінде әртүрлі білім беру Интернет-қорларының мүмкіндіктерін пайдалануына болады. Олар электрондық поштамен ақпарат алмасуға, еркін таратылатын бағдарламалық құралдар алу үшін Интернет желісінің ашық файл серверлеріне енуге, пәндер бойынша оқу материалдарын дайындау кезінде кітапхана каталогтары мен электрондық кітапханаларды пайдалануға, Интернет желілерінің online телеконференцияларына қатысуға және өз беттерімен бақылау тестілеулерінен өтулеріне болады.

 

Түрлі деңгейлердегі сырттай конкурстар мен Интернет-олимпиадаларға қатысу оқушылардың өздігінен дамуына жақсы ықпал етеді. Өйткені, конкурс тапсырмаларымен жұмыс барысында оқушылардың өз беттерімен іздену дағдысы қалыптасады және танымдық әрекеттері күшейе түседі. Көптеген конкурстық тапсырмалар сұрақтарына жауап іздеу Yandex және Google іздеу жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты жинау және талдау дағдысын қалыптастырады.

Қазақстандық және халықаралық сырттай олимпиадалар оқушыларды өзін-өзі көрсетуге ынталандырады және оқу үдерісін жаңарту құралы болып табылады.

Біздің СҚУ колледжі өзінің оқу және тәрбие жұмысын инновациялық білім беру және ақпараттық технология бойынша ұйымдастырады. Білім берудің дәстүрлі жүйесіне Интернет-технологиялар үдерісін біртіндеп кіріктіру, оның құрылымын, өткізілетін сабақтардың сапасы мен деңгейін, оқушылардың оқу материалдарын қабылдау қатынасын өзгертеді.

СҚУ колледжінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес дарынды оқушылармен жұмыс үйлестіріліп жүргізіледі. Ол үшін барлық мамандықтар бойынша шығармашылықпен ойлайтын оқушылар топтастырылған, олармен жеке жұмыстар өткізіледі.

Бұл жұмыстың мақсаты колледж оқушыларының зияткерлік қабілеттерін жүзеге асыру және дамытудың білім кеңістігін құру болып табылады.

Бағдарлама мына бағыттар бойынша жұмыс істейді. 1. Оқушылардың “Интеллект” ғылыми қоғамын құру және жұмысын ұйымдастыру. 2. Оқушылардың тұлға болып өсуіне үздіксіз ықпал ететін жағдай жасау.

Оқушылардың олимпиадаларға көптеп тартылуы үшін колледждің оқу жоспарына факультативтік курстар енгізілген. Олар: физика, астрономия, математика, металдар технологиясы (автомобиль көлігін пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету), ВЕБ-дизайн (“дизайн” мамандығы), компьютерлік іс жүргізу (“іс жүргізу және мұрағаттану” мамандығы), бухгалтерлік есеп (“есеп және аудит” мамандығы), заңгердің кәсіби әдебі (“құқықтану” мамандығы) оқушылардың зияткерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жылына бір рет колледжде олимпиадалар өткізіледі, оның нәтижелері бойынша пәндер олимпиадаларына оқушылар топтары қалыптастырылады. Бұл топтардағы сабақтар аптасына бір рет үздіксіз жүргізіледі. Педагогтердің дәстүрлі емес әдістемелер мен жұмыс формаларын қолдануы – топтық сабақтар өткізуге қойылатын міндетті талаптардың бірі.

Олимпиадаларға қатысатын оқушылар үшін педагогтер алға жылжыту картасын құрастырады. Карта оқушы меңгерген бағдарлама тақырыптары мен тапсырма деңгейлері жазылатын кестеден тұрады. Оларды жеке жұмыс жүргізу барысында пайдаланады.

Оқушымен мынадай сабақ түрлері бойынша жұмыс жүргізіледі:

1) оқушылардың жеке жұмыстары; 2) бір немесе бірнеше тақырыпқа арналған тапсырмаларды оқушылардың топпен орындауы; 3) педагог дайындаған алға жылжыту картасын пайдалана отырып, оқушының жеке қоржыны негізінде өз бетінше орындайтын жұмысы. Қоржынға оқушының тиісті деңгейде меңгермеген тақырыптары бойынша алынған тапсырмалар және теориялық материал енгізіледі.

Біздің оқушылар мен оқытушылар Интернет-олимпиадаларға қатысып, айтарлықтай нәтижелер көрсетті және оларға қатысқандығы жөнінде сертификаттар алды. Олар Санкт-Петербург мемлекеттік университеті негізінде өткен физика және математика олимпиадасы, республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық орталығы мен қазақстандық Интернет-олимпиада шет тілдері (ағылшын және неміс тілдері) бойынша бірлесіп өткізген олимпиада, Ресей Федерациясы Свердловск облысының А.С.Попов атындағы Урал радиотехникалық колледжі негізінде кәсіби білім беруді дамыту өңірлік ресурстық орталығының ұсынысы бойынша халықаралық “Желілік технологиялар негіздері” кәсіби шеберлік мекемелерінің электрондық қашықтық тестілеу олимпиадасының сырттай іріктеу кезеңдері.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, біздің СҚУ колледжінде оқушылар мен педагогтердің Интернет-олимпиадалар арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасалғанын атап кетуге болады.

Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларын айқындайды, олардың өз облысымыздың, еліміз бен әлемнің басқа да елдерінің колледждерінде оқып жүрген замандастарымен кең көлемде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Өздерінің оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемнің оқу орындарындағы ғылыми, мәдени, ақпараттық орталықтарына еркін қол жеткізеді. Жеке тәуелсіз және дәлелді көзқарас қалыптастыруға, оны зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Дарынды балалардың қабілеттерін дамыту – СҚУ колледжі педагогикалық ұжымы жұмысының бір бағыты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp