2013 жылғы мамырдан “Қазақстан Инжиниринг” ҰК” АҚ Калуга телеграф аппаратурасы зауытымен (Ресей) бірлесіп, П-166м хабардар етудің техникалық құралы кешенін (бұдан әрі – П-166м ХТҚК) шығаруды жоспарлауда. ҚР ТЖМ әзірлеген “Мемлекеттік органдарды және халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту” жобасына сәйкес П-166м ХТҚК-ты облыстық, аудандық және қалалық деңгейде бюджет есебінен орнату жоспарланған. Шағын елдi мекендерде және мемлекеттік меншікке жататын объектілерде хабардар ету құралдары олар теңгерімде тұрған жергілікті бюджет қаражаты немесе орталық атқарушы органдардың бюджеттері есебінен, хабардар етудің жергілікті жүйесі объектілері иелерінің қаражаты есебінен орнатылады.
Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент “Мемлекеттік органдарды және халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту” жобасын тиiмдi іске асыру мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар арасында алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Осы шара ҚР ТЖМ әзірлеп жатқан және енгізіп жатқан жобаларды іске асыруда бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға бағытталған.
Облыстық ТЖД Азаматтық
қорғаныс басқармасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp