«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІСІ ӨЛІМІНЕ ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 205 өрт болып, одан 100 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 27 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Он үш адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. 

Айыртау ауданының орталығында төрт пәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен жергілікті өртсөндірушілер отты ауыздықтау барысында 55 жастағы үй иесін ажалдан құтқарды. Жергілікті тергеушілердің айтуынша, үй иесі асүйдің еденінде мас күйінде табылған. Беті мен тыныс алу жолдарын І-ІІ дәрежелі күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды сөндіру барысында қайғылы оқиғадан есеңгіреп қалған 6 үй тұрғындары дереу сыртқа шығарылды. Көршілер жапа шегушінің ішімдікке әуес екендігін, оның бұған дейін еш жерде жұмыс істемегендігін хабарлады.
Облыс орталығының Батыр Баян көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт оқиғасы орын алды. Белгілі болғанындай, темекі тарту кезінде балконда өрт шығып, үй жиһаздары мен балконның шатыры зақымдалған. Өрт сөндіру жасағы оқиға орнынан 23 тұрғынды қауіпсіз жерге жеткізді.
Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан Петропавл қаласының Мир көшесінде “Ауди-100” автокөлігінің двигатель бөлімі жанып кетті. Дәл осындай оқиға Есіл ауданының Явленка ауылында “Ауди-100” автокөлігінің моторына зақым келтірді.
Пештен шығарылған күлді орынсыз жерге төгу Талшық ауылында өрттің шығуына әкеп соқты. Ауладағы қора-қопсымен бірге 3 тонна шөп күл болды.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp