«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы “Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/33 бұйрығына сәйкес, “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу азаматтардың өтініштері негізінде өткізілетіндігін хабарлайды.
Тестілеу өтуге ниет білдірген азаматтар басқармаға төмендегі құжаттарды тапсыру тиіс:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
4) ЖСН жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Сонымен қатар, егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынылған құжаттар қарауға қабылданады.
Тестілеу үміткердің өтінішінде көрсетілген әкімшілік мемлекеттік лауазымының санатына сәйкес (“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келгенде) тестілеу бағдарламасы бойынша өткізіледі.
Басқарманың мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 509-кабинет.
Анықтама телефоны: 8 (7152) 50-18-21.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp