«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ҮЙРЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар стандарт негізіндегі энергия менеджменті жүйесі тақырыбына арналды. Оған өңіріміздің ірі кәсіпорындарының өкілдері мен кәсіпкерлер шақырылды. Қатысушылар бұл тағылымдық басқосудан өздерінің ой-өрістерін кеңейтіп, семинар соңында оларға сертификат берілді.
ISO 50001 деп аталатын энергия менеджменті жүйесі стандарт талаптары негізінде электр қуатының үнемделуін аттыра отырып, оны тұтынушы ірі және шағын кәсіпорындарда пайдалы әсер коэффициентін ұлғайтуға және өндірістің қоршаған ортаға зиянын қысқартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты аталмыш семинарда энергия менеджментін қолдану бағыттары түсіндірілді. “Бұл тәсіл энергия үнемдеудің әлемдік үздік тәжірибесінен алынып отыр. Энергия менеджменті жүйесін қолданысқа енгізген кезде ол қомақты қаржы мен уақыт ресурсын талап етпейді. Әлемнің жетекші компа-ниялары өндірістеріне менеджмент стандарттарын енгізіп, өз жұмыстарында жақсы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр”, – деген жаттықтырушы-консультант Виталий Чичаев екі күндік семинарда көптеген қажетті ақпаратты келтірді.
(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp