Облысымызға Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан 187 құтқарушысы көмекке келді. Мақсат – өңіріміздегі көктемгі су тасқынының алдын алуда жергілікті әріптестеріне көмек қолын созу, төтенше жағдайға тап болған көмекке зәру халыққа кәсіби қызмет жасап, шаруашылық нысандарды бақылау.
Есіл өзенінің жайылма алқаптарында орналасқан елді мекендердің үйлері мен аулаларын су басуы ықтимал. Бұдан басқа қар күрт еріген кезде саяжай учаскелері мен елді мекендерге баратын жолдар жабылып, тұрғындар азық-түліксіз, ауру адамдар медициналық көмексіз қалуы мүмкін. Қызыл су жүрген кезде шұғыл көмек көрсету үшін келіп жеткен ТЖМ-нің құтқарушы бөлімшелерінің қосымша күштері су басып қалу қаупі зор Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Шал ақын, Есіл, Уәлиханов аудандарына жіберілді.
Есіл ауданына жіберілген қарағандылық 88 құтқарушы Амангелді-Калиновка тас жолын нығарлап, Явленка ауылының №1 орта мектебінің оқушыларына су тасқынының алдын алу жолдары жайында дәріс оқыды.
Ақтөбе облысының ТЖ мамандары Шал ақын ауданы орталығының Юбилейный мен Запад көшелері бойында арық қазды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға барған ақтөбелік құтқарушылар көмегімен Шарық су қоймасының жиектеріне 100 қап құм қойылды.
Уәлиханов ауданындағы Сілеті су қоймасы аса зор қауіп тудыруы мүмкін. Сондықтан аталмыш ауданға арнайы топ жіберілді. Қазір онда жасақтың күшімен канализациялық желілер тазартылып жатыр. Судың астында қалған 27 жол бөлігі жөнделуде. Аталмыш аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Түскен әр шақыртуға жылдам жетіп, жапа шегушілердің аумағын судан арылтып жатыр.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp