«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ольга ЦЫМБАЛЮК,

облыстық Кәсiпкерлiк және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы.

Мемлекетіміз бизнестің белсенді дамуы үшін барлық жағдайды жасай отырып, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін қолдаудың 70-тен астам құралы белгіленді. Одан:

– инвестиция тартуға – 5;

– инновацияны дамытуға – 9;

– экспортты ынталандыруға – 10;

 

– қаржы құралдары – 11;

– шағын және орта бизнесті дамытуға – 25;

– “Өнімділік – 2020” бағдарламасы бойынша – 5;

– минералдық шикізат базасын дамытуға 1 құрал көзделген.

Мемлекеттік құралдардың іс-әрекеті кәсіпкерліктің кредиттерді арзандату, кепілді қамтамасыз етуді ұсыну, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту, технологиялық жаңғырту, сыртқы нарықтарға шығу, бизнес жүргізудің заманауи тиімді машықтарын үйрету, білікті кадрлармен қамтамасыз ету сияқты негізгі проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған.

“Өнімділік – 2020” бағдарламасы шеңберінде әрекет ететін ірі және орта кәсіпорындар технологиялық жаңғыртылады. Мақсаты: экономиканың шикізаттық емес секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қолдау құралдары:

– инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін ақы төлеу;

– ұзақмерзімді лизингті қаржыландыруға ұсыну;

– білікті жобалау және инжиниринг ұйымдарын тарту;

– инновациялық гранттар ұсыну;

– жоғары білікті шетел мамандарын тарту.

Бағдарлама әкімшісі – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Операторлар – “Қазақстандық индустрияны дамыту институты” АҚ (ҚИДИ) мен “Ұлттық инновациялық қор” АҚ (ҰИҚ), “БРК-Лизинг” АҚ. Өңірлік өкіл – “Солтүстік” ӘКК” АҚ.

“Экспорттаушы – 2020” бағдарламасы экспортты ынталандыруға бағытталған. Мақсаты: экономиканың шикізаттық емес секторының экспортқа бағдарланған және әрекет ететін экспорттаушы кәсіпорындарын кешенді қолдауды қамтамасыз ету және қазақстандық өнім экспортының көлемін арттыру және оның географиясын кеңейту. Бағдарлама құралдары:

Экспорттаушылардың мынадай шығындарын өтеу:

өнімдер мен тауар белгісін тіркеу;

өнімді сертификаттау;

өкілдікті (офис, қойма, шоу-бөлме, сауда нүктесін) ұстау;

шетелдегі отандық өнім жарнамасы;

шетелдік көрмелерге қатысу;

мамандарды шетелде оқыту немесе шетелдік сарапшыны қазақстандық өндіріске тарту.

Экспорттаушыларға мынадай түрлерде сервистік қолдау көрсетіледі:

экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік және аналитикалық қолдау;

импорттаушы ел нарығының конъюнктурасы туралы сауда ақпаратымен қамтамасыз ету;

кәсіпкерлерді экспорттық қызмет мәселелері бойынша оқыту;

қазақстандық өндірушілердің тауар белгісін ілгерілету жөніндегі тұсаукесер іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

Қазақстандағы сияқты шетелде де сауда-экономикалық миссиялар, форумдарды қалыптастыру;

қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушыларды іздеу.

Аталған бағдарлама шеңберінде экспорттаушыға шығынының бір немесе бірнеше түрін негізделген және құжаттамалық расталған шығындардың 50 пайызын өтеу мүмкін болады.

Бағдарлама әкімшісі – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Операторлар – “KAZNEX INVEST” экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі” АҚ мен “ҚазЭкспортГарант” экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы” АҚ.

“Инвестор – 2020” бағдарламасы инвестиция тартуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде жобаларын экономиканың басым секторларында іске асырып жатқан шетелдік инвесторларға инвестициялық қолдаудың мынадай толық спектрі ұсынылады:

– жарғы капиталына қатысу;

– қарыз қаржысын ұсыну;

– лизинг;

– еркін экономикалық аймақтар мүмкіндіктерін пайдалану;

– инвестициялық пұрсаттылықтарды пайдалану;

– аналитикалық қамтамасыз ету;

– инвесторларды сервистік қолдау.

Бағдарлама әкімшісі – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін келесі бағыттар бойынша қолдау жүзеге асырылады:

1. “Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау”, ол мыналарды көздейді:

– банк кредитін субсидиялау және кепiлдендіру;

– ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлердi гранттық қаржыландыру;

– өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту.

2. “Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету” бағыты мыналарды көздейді:

– экспорттаушы кәсіпорындардың кредиттерін субсидиялау.

3. “Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту” бағыты мыналарды көздейді:

– ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлердi қолдау;

– бизнес жүргізу жөніндегі сервистiк қызмет көрсетілімдерін ұсыну;

– кәсiпкерлердi оқыту.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының әкімшісі СҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады. Мұнда аталған бағдарлама шеңберінде қолдау алуға арналған өтінімдер қабылданады (Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58-үй, 524, 521-кабинеттер, тел.: 33-65-64, 50-22-85).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp