«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НЕПТУН” ЖАНЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің 17-сі күні сағат 19.30-да СҚО ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің орталық байланыс тетігіне “Нептун” аквапаркінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.
Облыс орталығының Медведев көшесінде орналасқан аквапаркке жеткен өрт сөндірушілер “Нептуннің” ғимаратына жапсарлас салынған жылу қазандығы шатырының ағаш қоршауы өртенгенін анықтады.
Тілсіз жаумен күресу кезінде демалыс орнынан 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың қатарында 45 бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 20.28-де толығымен сөндірілді. Оның жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. Қызыл жалынды ауыздықтауға №1 және №3 өрт сөндіру бөлімдерінің 17 құтқарушысы, 3 автоцистерна жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp