«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР Есіл аңғарын бақылауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,
Есіл ауданының ТЖ бөлімінің бастығы, өрт қызметінің подполковнигі.

Өңірімізге Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан келген құрамында 187 адам, 27 бірлік техникасы бар құтқарушылар су тасқынынан қорғауды қамтамасыз ету жолында кешенді шаралар жүргізуде.
Аталмыш құрылымдар Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Уәлиханов аудандарында және Петропавл қаласындағы қауіпті учаскелерді қадағалауда.
Есіл ауданының бес ауылын жеке бақылауына алған Қарағанды облысының құтқарушылары соңғы апта барысында Амангелді – Калиновка автожол учаскесін нығарлау жұмысын жүргізіп, Петровка ауылының жанынан өтетін Есіл өзенінің жағалауын тексерді. Әзірше бұл жерде су деңгейінің көтерілуі байқалған жоқ. Сондай-ақ Петровка елді мекенінің тұрғындары мен аграрлық-техникалық колледж студенттерімен су тасқыны жөнінде әңгіме өткізілді.
Калиновка ауылының су тасқыны кезеңінде су басатын учаскелері тексерілді. Құтқарушы-сүңгушілер Николаевка ауылының жанындағы өзен мен көлдердің жағалауларын тексеріп, елді мекенінің су басу қаупі зор аймағында орналасқан 40 үйдің иелерімен әңгімелесті.
Ал жуырда апаттық медицина орталығының мамандары Явленка ауылы №1 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына су тасқыны кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету сабағын өткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp