Бақыт ҚАБДУЛМАЖИТОВА,
“Парасат” мектеп-лицейінің мұғалімі.
Жуырда “Парасат” мектеп-лицейінде “Өзіңе не тілесең, өзгелерге соны тіле” тақырыбында тренинг-сабақ өтті. Оны психолог-ұстаз Венера Шаймерденова бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізді.
“Адамды адам еткен – еңбек” дегендей, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде байқалады. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Ойын арқылы білім алады, ұйымдастыру қабілетіне ие болады, достасады, тіл табысады.
Венера Нұрланқызы ұстаздар арасында осындай бірнеше ойын ұйымдастырды.
Тренинг-сабақтан кейін бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жанабекова “Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру” атты баяндамасын оқыды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында аудан, облыс және республика көлемінде сайысқа түсіп, жүлдемен оралғандары да бар. Атап айтатын болсам, Алмагүл Сәдуова, Ұлжан Тілеуімбетова, Зәуре Қорғанбаева, Светлана Искакова, Бақыт Қаражанова және осы жолдар авторының шәкірттері сайысқа қатысып, жүлделі орын алды.
Алдағы уақытта да біздің шәкірттеріміз биік шыңдардан көрінетіндігіне сеніміміз мол.
Қызылжар ауданы.