«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БІЗДІҢ ТАЛАНТТАР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Петропавл қаласындағы “Нұр бөбек” бөбекжай-бақшасында “Біздің таланттар” атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Театрландырылған қойылымға балабақшаның №3 қазақ тобының және дайындық тобының балалары мен тәрбиешілері қатысты.

Айгүл АЙТЫМОВА,
Әлия ШӘРІПОВА,
3-топтың ата-аналары.

Қойылым аса шеберлікпен, жоғары деңгейде қойылды. Балалар өз кейіпкерлерінің бейнесіне кіріп, сахнада өздерін еркін ұстады. Балалардың киімдері мен гримдері нағыз театр әртістерінікінен кем түспеді. Қойылымға балалармен бірге ата-аналар да белсене қатысты.
“Нұр бөбек” бөбекжай-бақшасында өткізілген театрландырылған қойылым көңілден шығып, тәрбиешілердің еңбектерінің зая кетпегендігі көрермендердің қол шапалақтауларынан білінді.
“Нұр бөбек” бөбекжай-бақшасының директоры Ольга Осиповаға, әсіресе, №3 қазақ тобының тәрбиешісі Жанар Айкеноваға және дайындық тобының тәрбиешілері Бақтыгүл Аманғұлова мен Ирина Бунковаға ата-аналар алғыс білдірді.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp