«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛЕСІП АРАҚ ІШУ біреуінің өлімімен аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда өз әкесін ұрып өлтірген 27 жастағы ер адам ұсталды.
17 сәуір күні түнгі сағат үште СҚО ІІД-нің Жедел басқару орталығына Жұмысшы кентінің Мопровская көшесі бойында орналасқан бір үйде 51 жастағы ер-азаматтың мезгілсіз қайтыс болғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Қалалық ІІБ-нің тергеу-жедел тобы аталмыш мекенжай бойынша келіп, марқұмның жақын арада зайыбымен және 27 жастағы баласымен бірге арақ ішкенін білген. Полицейлер келген кезде соңғы екеуі мас болған. Сұрастырудан соң бірлесіп арақ ішу кезінде ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындағаны анықталды. Соның салдарынан баласы анасына болысып, әкесін арқасынан періп қалған. Соққы алған үй қожайыны өзін нашар сезініп, есінен танған.
Қазір күдікті уақытша оқшаулағышта қамауда отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жүргізілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp