«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар “Болашаққа жол” жайында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеңес МҰҚЫШЕВ,
“Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Жуырда Үкімет отырысында маңызды құжаттардың бірі – 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.
Аталған құжатта “Қолжетімді баспана – 2020” бағдарламасы бойынша жас отбасыларға жыл сайын 3 мың пәтер бөліне-тіндігі, “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламалары аясында жастар мәселесін шешуге, жастардың “Дипломмен – ауылға!” және “Жасыл ел” бағдарла-маларына қатысулары үшін электрондық ұсыным жасауға, сондай-ақ елімізде қандай мамандықтардың сұранысқа ие екендігін білуге мүмкіндік беретін “Жастар еңбек биржасының” бірегей веб-порталын құру қолға алынғандығы қуантады.
Сонымен қатар тұжырымдаманың жалпы ережелері “Жас Отан” жастар қанатының “Жастар – Отанға!” атты даму стратегиясымен үйлестіріледі. Осы орайда алдағы маңызды өзгерістер үдерісінде жастарға түсетін әлеуметтік жүктеме артатын болады.


Біріншіден, мемлекет жастарды жұмысқа орналастыруға, оларды оқытуға және қайта даярлауға, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, жол жүру мен тамақтануға субсидия бөлмекші. Бұл ретте, мемлекеттің басты міндеті – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ олардың өз мақсаттарына жету үшін мүмкіндік беру. Ал жастар өз кезегінде белсенділігін бір сәт саябырлатпай, өз білімдері мен қайрат-жігерлерін еліміздің дамуына жұмсауы қажет.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.
* * *
Наталья ЕФРЕМОВА,
“Ардагер” қоғамдық қорының төрайымы.

Жастар арасында жұмыссыздық пен баспана мәселесі жылдар бойы түбегейлі шешімін таппай келеді. Бұл күрделі мәселелердің күрмеуі қашан толық шешілері де беймәлім. Дегенмен, Үкімет бұл бағытта жастарға қарай тағы бір қадам жасады. Үкімет отырысында қабылданған “Қазақстан – 2020: Болашаққа жол” мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамаcында биылдан бастап ел жастары мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болмақ.
Тұжырымдама білім алушы ғана емес, барлық санаттағы жастарды қамтиды. Мемлекет жастарды жұмысқа орналастыруға, оларды оқытуға және қайта даярлауға, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, жол жүру мен тамақтануға субсидия бөлуге бағытталған шаралар ұйымдастырады.
Ал жұмысқа орналасу бойынша өзгеше әдіс қолданыла-ды. Оқу орындарында маман даярламас бұрын әуелі жұмыс берушілердің сұранысы ескеріледі. Содан кейін ғана қажетті мамандық бойынша білім берілмек.
Жалпы алғанда, бұл тұжырымдама жастар саясатын жүзеге асырудың жүйесін жетілдіруге бағытталған. Яғни, құжатта жастарды толғандыратын мәселелерді шешудің жолдары мен негізгі бағыттары көрсетіледі. Ал көкейкесті мәселелерді шешуге әрбір азамат талпынып, өз үлесін қосуы керек. “Қашан мемлекет келіп, менің мәселемді шешіп береді” деп қол қусырып қарап отырғаннан гөрі, әр адам өзін толғандырған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынып, бұл іске атсалысуы қажет.
Қазір ел жастары болашаққа батыл әрі ашық көзқараспен қарайтын деңгейге жетіп отыр. Сол себепті жастардың алдына ауқымды міндеттер қойылуда. Басты бағытымыз бен ұранымыз бәсекеге қабілетті Қазақстан құру болып табылады. Өйткені, жастар елдің бет-бейнесін қалыптастыруда, жаңа идеялар ұсынуда және жаңғыртуда қозғаушы күшке айналуы шарт. Бұл – Елбасының жастарға артқан сенімі. Ендеше олар сенімді ақтау, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ету – болашақты баянды етудің жолы екенін түсінулері керек.
Бұл ретте мемлекеттің басты міндеті – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, өз мақсаттарына жету үшін мүмкіндік беру. Ал жастардың міндеті – берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp