Елена ВИССАРОВА,
“Атамекен одағы” Ұлттық экономикалық палатасы
Солтүстік Қазақстан филиалы ЗТБ директоры.
Парламент Мәжілісі “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң жобасын құптады. Онда Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру бойынша бірқатар жаңашылдық, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын бір ізге келтіру (әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 10 жыл бойы біртіндеп ұзарту), зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға міндетті кәсіподақ жарнасын енгізу қарастырылған. Мемлекет зейнетақы жүйесі дұрыс жолға қойылмағанын мойындап, біздің жинақтарымыз үшін жауапкершілікті өз мойнына алуды жөн санады. Президенттің тапсырмасы бойынша Бірыңғай зейнетақы қоры құрылады да, қазақстандықтардың барлық жинақтары соған енгізіледі. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жұмыс істеуінің табыстылығының ең маңызды сәттерінің біріне зейнетақы жинақтау қоры кірісінің ұлғаюы, сонымен бірге еліміздегі инфляция деңгейінің төмендеуі де жатады. Алайда, тиімді және бірден нәтиже беретін құралдар әзірге табылған жоқ. Қазақстанның зейнетақы жүйесін кезекті реформалау барлық қазақстандықтар үшін қолайлы бола ма? Зейнеткерлікке ерте жастан шығу да заң жобасында қалып отыр және Үкімет оны Парламентке жолдайды. Ол мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асады: біріншіден, зейнетақы аннуитеті өсуі мүмкін. Бүгінде зейнетақы аннуитеті әйелдер үшін 3 млн. 100 мың теңгені құрайды. Ерлер үшін – 2 млн. 800 мың теңге. Бұл сома өмір сүру деңгейінің өсуіне байланысты жыл сайын қайта қарастырылады.
Шағын, орта немесе ірі бизнес, үкіметтік емес ұйымдар әр жұмыс беруші қызметкерлерге зейнетақы аударымдарын аударады. Қайсының қалай аталғаны маңызды емес, заң алдында бәрі тең! Бұл, әсіресе, сауда саласындағыларға, ауыл шаруашылығы жұмысшыларына қатысты. Олар іс жүзінде күн сайын, демалыссыз жұмыс істейді. Бірақ, зейнетақы аударымдары аз немесе мүлде болмайды, өйткені жұмысшы мен жұмыс беруші арасында келісім- шарт жасалмайды. Барлығымыз ертеңімізді ойламай, бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп жатырмыз. Ауылдық жерлердегі әйелдер күрделі жағдайда қалып отыр, өйткені олардың көпшілігі – жұмыс болмағандықтан, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, өз шаруашылығын ұстап отырған жандар. Көпбалалы аналар да негізінен ауылдарда тұрады. Көптеген аналар балаларын туғанынан бастап ерлерінсіз, жалғыз өздері тәрбиелеуде. Статистика бойынша ерлер әйелдерге қарағанда аз. Демек, демографиялық жағдайды шешу бойынша негізгі жүк әйелдердің мойнында. Ол жұмыста да алдыңғы шепте жүреді, үйде де бар ауыртпалық соның мойнында. Гендерлік теңдік, әйелдердің белсенділігі, феминизм өз алдына. Әр әйел ең алдымен сүйкімді әйел, ана болғысы келеді, содан кейін ғана басшы, саясаткер, ғылым докторы немесе сылақшы болғысы келетініне мен 100 пайыз сенімдімін.
Данышпандардың сөзіне құлақ түрсек: “Әлемді әйелдер басқаратын ерлер басқарады”, дегенге көңіл аудару керек.
Біз бірнеше санаттар бойынша еуропалық стандарттарға сай келмейміз. Оларда өмір сүру деңгейі, еңбекақы, денсаулық сақтау деңгейлері әлдеқайда жоғары, кепілдендірілген әлеуметтік қоржындары бар. Сондықтан Еуропа елдерінің зейнеткерлері қартайған шақтарында әлемді шарлап, саяхатқа шығады. Олардың өмірі мүлдем басқаша, сондықтан да олар көп жасайды.
Бұл тақырып аса мұқияттылықты қажет етеді. Жағдайды сыңаржақты қарастырып, жақсы я жаман деуге болмайды. Үкімет мұның оң және теріс жақтарын таразылап, дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Біз әрқашан нәзік жандарға аса зор назар аударып келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор сенім артамыз.