«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰРАҚ-ЖАУАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Мен болашақта қандай зейнетақы алатын боламын?
– Бұл сұраққа жауап беру үшін зейнетақы жүйесіне қатысушыларды үш топқа бөлеміз.
Тек қана ынтымақтастық зейнетақы жүйесіне қатысушы азаматтар бірінші топқа жатады. Бұлар – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар қазіргі зейнеткерлер. Олар бүгінгі таңда ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен зейнетақы және арқаулық зейнетақы төлемін алады.
Аралас зейнетақы жүйесіне қатысушы азаматтар екінші топқа жатқызылады. Олар ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар болып табылады. 1988 жылдан кейін және қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, міне, осылар. Олардың зейнетақысы ынтымақтастық, жинақтаушы және арқаулық зейнетақы төлемдерінен құралады.
Тек қана жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар болып табылатын азаматтар 3-топта. 1988 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі жоқ немесе еңбек өтілі 6 айдан кем азаматтар осы топқа жатқызылады. Олардың зейнетақысы тек қана жинақтаушы және арқаулық зейнетақы төлемдерінен тұрады.
Бұған қоса ынтымақтастық та, жинақтаушы да зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын адамдар бар. Олар жастары жетіп, зейнеткерлікке шыққанда күнкөріс минимумының 50 пайыз мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына ие.
* * *
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың нені күтуіне болады?
– Қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың көбі жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызы көлемінде зейнетақы жарнасын төлейді. Сөйтіп, жыл ішінде олар 1,2 есе ең төменгі жалақы (егер биылғы жылды алсақ, 23 мың теңгедей) төлейді.
35 жылдың ішінде салымшы жинағының жалпы сомасы 42 еселенген ең төменгі жалақыны құрайды. Бұл сома ең төменгі жалақы мөлшерінде 3,5 жыл зейнетақы төлеуге жетеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар зейнетақы жүйесіне қатыспайтын болса, онда зейнет жасына жеткенде күнкөріс минимумының 50 пайызынан аспайтын көлемде әлеуметтік жәрдемақы алуына болады.
Бұл мәселені шешу үшін мына мәселелер ойластырылуда:
– өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесі нақтыланып, олар “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы шеңберінде еңбекке араласқаннан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті түрде қатысу талабы қойылады;
– 2017 жылдан бастап жарна төлеу тәртібін өзгерту көзделуде:
– өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар өздерінің бүкіл кірістерін жария етіп, сол сома бойынша зейнетақы жарнасын төлейтін болады;
– жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемінде 5 жыл қатысушысы болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар зейнет жасына жеткенде арқаулық зейнетақы төлемі беріледі.
(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp