«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХҚКО АРҚЫЛЫ ТАҒЫ 35 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы “қанатқақты” режімде ХҚКО арқылы жаңа 35 қызмет көрсетіле бастағанын хабарлайды.

Олар: Білім және ғылым министрлігі (қызметтер: ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау; білім беру туралы құжаттарын таныту және нострификация рәсімінен өткізу), Көлік және коммуникация министрлігі (халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға рұқсат беру; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан және жүктерді тиеу және түсіру алаңдарынан құламаларды орнатуға рұқсат беру және т.б.), Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру және т.б.), Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарға және қызметтер көрсетуге лицензия беру (телнұсқа беру, қайта ресімдеу) және т.б.), Мәдениет және ақпарат министрлігі (тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық, ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру және т.б.), Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік (ҚР аумағында іске асырылатын өрт-техникасы мен отандық және шетелде шығарылған өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру; өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредитациялау және т.б.), Ауыл шаруашылығы министрлігі (тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру), Қаржы министрлігі (алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру; темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру және т.б.), Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік (магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерiнiң құбырларын пайдалану қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру), Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік (лотерея (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөніндегі қызметін жүзеге асыруына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру).

Қосымша ақпаратты Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157 (тел.: 33-88-81), Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 (тел.: 33-02-29) ХҚКО-да алуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp