«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТІМІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Әділет департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады: нормативтік-құқықтық актілерді, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқық түсіндіру жұмысы, халыққа заңгерлік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бақылау жасау.

2012 жылы мемлекеттік қызметтер белгілеген мерзімде, уақтылы орындалды. Тұрғындар тарапынан Әділет департаменті мен ҚР Әділет министрінің блогына көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ.

2012 жылы облыстық Әділет департаментінде 388 нормативтік- құқықтық акт тіркелді: облыстық әкімдіктің 19 қаулысы, облыстық мәслихаттың 14 шешімі, оның ішінде 2011 жылы келіп түскен 3 акт (4 бірлескен акт), қала әкімінің 1 шешімі, қала әкімдігінің 21 қаулысы, қалалық мәслихаттың 8 шешімі, аудандық әкімдіктердің 244 қаулысы, аудандық мәслихаттардың 50 шешімі, ауылдық округ әкімдерінің 30 шешімі.

Заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша облыс аумағында 545 заңды тұлға тіркелді, оның ішінде 339-ы ШКС ретінде, 99 филиал мен өкілдіктің есептік тіркеуі өткізілді. Заңды тұлғаларды тіркеудің 18,53%-ға өсуі байқалады, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесімен – 12,8%-ға, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуі 52,53%-ға өскен.

 

Есепті кезең ішінде ғаламторда “e.gov” электрондық порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын 16 заңды тұлға электрондық түрде тіркелді.

Былтыр Әділет департаменті 1059 заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеуін және 49 филиал мен өкілдіктің есептік қайта тіркеуін жүргізді.

Мұнда да өсу байқалады: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалардың қайта тіркеуі – 59,3%-ға, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу 57,14%-ға өскен.

Аталмыш мерзім ішінде өз еркімен – 113, сот шешімі бойынша – 35, басқа себептермен 23 заңды тұлға тартылды. 91 филиал мен өкілдік тіркеуден алынды.

ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 357-4- бабы бойынша 10 әкімшілік материал құрастырылды, олар бойынша сот қаулыларымен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі болып танылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 210 340 теңгені құрады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты бойынша Әділет басқармалары жылжымайтын мүлікке 66700 құқықты (ауыртпалықтар мен құқық тоқтатулар) тіркеді, 7702 ақпараттық қызмет көрсетілді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы 1049 хабарлама шығарылды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке түскен жалпы баж сомасы 98 561 098 теңгені, оның ішінде жеделдетіп тіркеу үшін алым сомасы 20 407 995 теңгені құрады.

Есепті мерзімде “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекстің 354-3-бабы бойынша 156 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 46-сы сот қарауында; 113 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 90-ы – жеке тұлғалар, айыппұл сомасы – 1 456 200 теңге, 13-і – заңды тұлғалар, айыппұл сомасы 485 400 теңгені құрады.

2012 жылы облыстың АХАТ органдары 25185 азаматтық хал актісін тіркеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 285 актіге кем. Олардың ішінде:

– туу туралы – 8618;

– қайтыс болу туралы – 7715;

– неке қию туралы – 4835;

– неке бұзу туралы – 2022;

– әкелікті анықтау туралы – 1719;

– бала (қыз) асырап алу туралы – 77;

– тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы – 181.

Облыстағы 2012 жылғы демографиялық жағдай туудың қайтыс болудан 903 акт жазбасына артық болуына байланысты жағымды деп бағаланады. Туу туралы 120 акт жазбасына, қайтыс болу туралы 530 акт жазбасына, неке қию туралы 81 акт жазбасына бала (қыз) асырап алу туралы 1 акт жазбасына кему қарқыны, некені бұзу туралы 120 акт жазбасына, әкелікті анықтау туралы 42 акт жазбасына және өзгерту туралы 15 акт жазбасына өсу байқалады.

Көрсетілген мерзім ішінде 20706 азаматтардың өтініштері мен ұйымдардың сұраулары орындалды. Басқа АХАТ органдарынан келіп түскен 6220 хабарлама орындалды. Азаматтардың жүгінулері мен заңды тұлғалардың сұраулары бойынша 25649 алғашқы куәлік, 14435 қайталама куәлік берілді, елтаңбалы куәлік бланкілерінің бүлінуі мен жоғалуына жол берілмеді.

ҚР “Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы” кодексінің 179-бабы 3-тармағына сәйкес ауылдық жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырудың тәртібін анықтау мақсатында Әділет департаменті “Ауылдық жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу саласында әділет органдары және жергілікті атқару органдарының өзара іс-әрекеті туралы” бұйрық әзірлеп, жергілікті атқарушы органдармен келісілді және оны Әділет басқармалары жұмыста пайдаланады.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет дамуының негізгі аспектілерінің бірі ретінде “Электронды үкімет” арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды атап көрсеткен болатын. 2012 жылы АХАТ органдары “Электронды үкімет” порталы арқылы неке қиюды тіркеуге 339 өтініш, некені бұзуға 7 өтініш қабылдады.

Есепті мерзімде АХАТ органдары 11 әкімшілік материал қозғады. Барлығы да облыс соттарында қаралды. Кінәлі тұлғалар ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазаларға тартылды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 67 нотариус, оның ішінде Петропавл қаласында – 37, облыс аудандарында 30 нотариус қызмет атқарады, сонымен қатар, 151 тұлға нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқылы. Аталған мерзімде Петропавл қаласында 13 жеке нотариус есептік тіркеуге алынды, 6 нотариус тіркеуден алынды (оның ішінде 3-еуі – Петропавл қаласында).

2012 жылы нотариустер 392873 нотариаттық іс-әрекет жасады. Салық түрінде бюджетке 56 264 267 теңге аударылды. 2012 жылы жеке нотариустың орташа айлық жүктелімі 488 нотариаттық іс болды.

Облыстық Әділет департаменті 2012 жылы жеке және мемлекеттік нотариустар жұмысына 29 тексеріс жүргізді, оның ішінде 17-сі – жоспарлы, 12-сі – жоспардан тыс. Өткізілген жоспардан тыс тексерістердің нәтижесі мен сот актісіне сәйкес 7 нотариусқа тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде 4-еуіне ескерту, 3-еуіне сөгіс түрінде.

Облыста адвокаттық іспен 165 адвокат, оның ішінде Петропавл қаласында – 125, облыс аудандарында 40 адвокат айналысады. Облыста 2 заң кеңесі бар.

2012 жылы адвокаттарға қатысты дәлелдемелері расталмаған 1 арыз және адвокаттарды жауапкершілікке тартуға негіздері анықталмаған 1 ұсыныс келіп түсті.

Облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары 3329 – қылмыстық, 501 азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 206 іске қатысты. Бөлінген бюджет қаржысы толығымен игерілді.

Құқық түсіндіру жұмысы бойынша 2012 жылы облыстық Әділет департаментінің қызметкерлері 497 “дөңгелек үстел” отырыстарын, 2290 дәріс пен семинар, 342 “Ашық есік күндері” өткізілді, ақпараттық-насихаттау тобы 109 сапар, 4 брифинг, 4 интернет-конференция ұйымдастырды.

Облыс аумағында “СҚО бойынша кәсіби бағалаушылар палатасы” бағалаушылар палатасы қызмет етеді. Оның құрамына 43 мүше, оның ішінде 6 заңды тұлға, 37 жеке тұлға кіреді. Сонымен қатар, облыс аумағында өзге бағалаушылар палатасына кіретін (Павлодар қ., Алматы қ.) 3 заңды тұлға, 2 ЖК қызмет атқарады.

2012 жылы 10 жоспарлы тексеріс өткізілді. 4 тексеріс нәтижесі қанағаттанарлық, 6-уы қанағаттанғысыз болып танылды.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағыты бойынша Әділет департаментінің қызметкерлері 2012 жылы ішкі істер және қаржы полициясы органдарының мамандарымен бірлесіп, контрафактілі өнімді заңсыз сатудың жолын кесуде іс-шаралар өткізді. Заңсыз айналымнан 1 779 700 теңге (2011 жылы – 798 900) сомасына контрафактілі өнімнің 5376 данасы (2011 жылы – 2663) алынды, сот қаулысы бойынша 560 700 теңге (2011 жылы – 336 550) сомасына контрафактілі өнімнің 1469 данасы (2011 жылы – 1172) тәркіленді. 526 812 теңгенің (2011 жылы – 210 340) айыппұлы салынды.

Облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp