«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ” КӨМЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығныдағыДостық үйінде “В семье не без таланта” атты қайырымдылық марафон өткізілді.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараны “Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы өткізді.
– 2 сәуірден бастап KyzylAi.kz республикалық жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Бұл жоба көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып келеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментпен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесіп, оларға көмек көрсеткен болатынбыз. Көбінесе Бензострой ықшамауданының жер үйлерін су басып қалған екен. Су көп жылдар бойы жиналған төсек-орынды, жиһаздар мен тұрмыстық техниканы жарамсыз қылып тастады. Бұл үйлерде көбінесе нәрестелері бар жас отбасылар мен 80-нен асқан қариялар тұрады. Сондықтан оларға көмек көрсету қайырымды жандардың үлесінде деп білемін, – деді “Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Сәуле Оразова.
Концертте қала мектептерінің оқушылары мен түрлі би ансамбльдері өнер көрсетті. Өнерлі балалардың көмегімен өткен концерттің өзінде 49 225 теңге жиналды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp