«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ ӘДІСІН ҮЙРЕНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлмекен ҚАСЫМОВА,
Келлеровка орта мектебі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жуырда мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған “Білім берудегі жаңа әдіс” тақырыбында аудандық семинар өтті. Ауданымыздағы мұғалімдердің арасында алғашқы болып Ажар Боранбаева Алматы қаласындағы “Өрлеу” институтында ІІ деңгей бойынша білімін жетілдірген болатын. Аудандық білім бөлімі Келлеровка орта мектебінде өткізген семинардың негізгі мақсаты – Ажар Боранбаеваның алған білімі мен тәжірибесін аудан мектептерінен келген мұғалімдерге көрсетіп, таныстыру.
Мектеп психологі Гүлжан Успанова жиналған ұстаздармен психологиялық тренинг өткізіп, семинар өз жұмысын бастап кетті.
Ажар Кеңесқызы Кембридж тәсілдеріне негізделген II деңгей бағдарламаның мазмұны және оны іске асыру жолдары туралы баяндама жасап, курстың мазмұнына тоқталып өтті. Содан кейін “Оқытудағы жаңа тәсіл – ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс” тақырыбында мұғалімдермен коучинг сабақ өткізді. Коучинг сабақ барысында мұғалімдер оқушының рөлінде болып, әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындады, жаңа терминдермен танысып, өздерінің қабілеттерін байқады. Коучинг сабақ оқушыны бірлесе іс-әрекет жасауға, уақытты үнемдеуге, ережеге бағынуға, бір-бірінің пікірін тыңдап санасуға, ұйымшылдыққа баулиды. Аталған бағдарлама негізінде алынған тәжірибе бойынша тәлімгерлікпен айналысу деген бөлім бар. Бұл бағытта Ажар Кеңесқызы өз тәжірибесін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ләззат Жиенбаеваға үйретуде.
Семинар барысында Ләззат Шамшадинқызы мектепалды даярлық сыныбында айналамен танысу пәнінен “Құстар – біздің досымыз” деген ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта жоғарыда аталған білім берудегі жаңа әдістер мен тәсілдер қолданылды. Оқушылар сабаққа аса белсенділікпен қатысып, мұғалім тәлімгерден алған білімін сабақ беру барысында көрсете білді. Содан кейін Ажар Кеңесқызы өзінің 4 “а” сыныбымен дүниетану пәнінен “Туыстық қатынастар” деген ашық сабақ көрсетті. Сабақ беру барысында мұғалім тарапынан курста үйренген барлық әдіс-тәсілдер шебер де жоғары деңгейде қолданылып, сабақ өте тартымды, әсерлі, қызықты өтті. Оқушылар топтарға бөлініп, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы бірлесе жұмыс атқарып, сабақтың тақырыбын, мазмұнын өздері аша білді. Сабақ тақырыбына байланысты әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындап, өз білімдерін толық көрсете білді. Оқушылар өздерінің жеті аталарын таратып айтып, туыстық атауларды ажыратып, сөзжұмбақ құрастырып, ребус шешті.
Аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Галина Трифонова семинар жұмысын қорытындылап, оның өте жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті. Үйретері мен берері көп семинарды ұйымдастарған мектеп әкімшілігіне және жаңалық жаршысы Ажар Кеңесқызына алғысын білдірді. Білім бөлімінің әдіскерлері Гүлнәр Егибаева, Айнагүл Шаяхметова және ауданның бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Торғын Жұмабаева семинар жұмысына жоғары баға беріп, мұғалімдерді өмір бақи білім алып, осындай жақсы бастамаларды үздіксіз үйренуге шақырды.
Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp