«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

40 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН Мағжан ескерткішінің маңы шырайлана түспек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қала аумағын санитарлық тазалау және көркейту үш айлығы аясында 20 сәуірде облыс орталығында кезекті сенбілік өтті.

Бұл сенбілік барысында облыстық, аумақтық органдар, кәсіпорындар, мекемелер өкілдері мен қала тұрғындарының қатысуымен көшелер, аулалар тазартылды, ағаштардың түптері, жол жиектері әктелді, күл-қоқыс сыртқа шығарылды, қоршаулар, металл құрылғылар боялды.

Сенбілік күні облыс орталығында көгалдандыру жұмысы жалғасын тапты. Бұл күні Петропавл қалалық әкімдігінің, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ақиық ақын Мағжан Жұмабаев ескерткішінің жанына жиналды.

 

– Біз бүгін ұлы Мағжан ескерткішінің жанына 40 түп шырша егеміз. Бұл шырша көшеттері біздің басқармаға қарасты Сергеевка және Соколовка орман шаруашылықтарында арнайы кәрзеңкеде жеті жыл өсірілген. Олардағы арнайы тәлімбақтарда соңғы жылдары 17 мыңға жуық көшет өсіріліп, елді мекендерді көгалдандыру үшін егілді, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қанат Омаров.

Шығымдылығы жоғары қырық шырша көшеті жиналғандардың күшімен қажетті жеріне егіліп, суарылды. Бұл жерге облыстық “Солтүстік Қазақстан”, қалалық “Қызылжар нұры” газеттерінің қызметкерлері де шыршалар екті. Бұл шыршаларды “Коммунхоз Петропавловск” ЖШС-і жұмысшылары күтімге алады. Сондай-ақ осы күні “Амиго” сауда үйінің қасына 120 ақ қайың көшеті отырғызылды. Петропавл қалалық әкімдігінің, облыстық басқармалардың қызметкерлері сенбілік барысында Жеңіс саябағында еңбек етіп, оны тазалап, көркейтті.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp