«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРДІҢ ОТБАСЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН топ құрықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданының Ақжарқын ауылында тұратын жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды.
Түрін жасырған қылмыскерлер үйге терезе арқылы енген. Ауыл дүкенінің қожайындарын ұйқыларынан оятып, олардан ақша мен әшекейлерді талап еткен. Бұған қоса, қаскөйлер үй иесін соққыға жығып, оны скотчпен байлап тастаған. Жұбайының өмірін сақтап қалғысы келген әйелі қарақшыларға сейфтің кілтін берген. Нәтижесінде ұрылар 2 миллион теңгеден астам ақшаны және алтын бұйымдарды қолды етіп, қашып кеткен.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының полицейлері бірлесіп әрекет етуі нәтижесінде аталмыш қылмысқа Щучье қаласының тұрғыны мен бұрын істі болған Ақжарқын ауылының тумасы, бүгінде Астанада тұратын 53 жастағы ер адамның қатысы бар болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Олар және қарақшылық шабуылды жасаған екі күдікті Степногорск қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде құрықталды. Ақмола облысының төрт тұрғыны қазір тергеу оқшаулағышында отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp