«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САЛАНГ” ІЗДЕУШІЛЕРІ НОВГОРОДҚА АТТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері кезекті халықаралық “Еске алу вахтасына” аттанды. Солтүстікқазақстандық “Поиск” тобы Ресейдің Новгород облысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін тауып, қайта жерлемек.  

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Биылғы жылғы экспедицияға осымен 21-ші рет аттанып отырған әскери-патриоттық клубтың 10 мүшесі Новгород облысының Росино ауылының жанындағы орманда соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін іздеп, жер қойнауына тапсыратын болады. Солтүстікқазақстандық іздеушілер бұған дейін Орел-Курск иінінде қазба жұмыстарын жүргізген.
Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған жерлестеріміздің сүйектерін іздеуге ширек ғасыр бойы қатысып келген жергілікті еріктілер өткен жылғы экспедиция барысында 15 жауынгердің сүйектерін тауып алған болатын.
“Еске алу вахтасы” мамырдың 9-ы күні аяқталады.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp