«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙДЫҢ ЕКІ БАЛАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайыр ЖАҚСЫЛЫҚ,
№17 ұлттық өркендеу
орта мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы.

Ерте, ерте, ертеде бір бай болыпты. Оның екі баласы бар екен. Олардың есімдері Асан және Үсен. Асан еңбекқор болса, Үсен өте жалқау болыпты. Бір күні бай балаларын сынамақ болды. Ел-жұртты жинап, екі баласын жарысқа шақырды. Асанға бапталмаған ат берді. Үсенге жақсы ат берді. “Енді бір айдан кейін екеуіңді жарыстырамын. Аттарыңды жарысқа жақсылап дайындаңдар”, – дейді.
Асан ерте тұрып, атына шөп, су, жем береді. Ол атын барынша күтіп, баптайды. Ал Үсен ұйықтап, кеш тұрады. Аты күнұзаққа жемазықсыз аш тұрады. Осылай олар аттарын жарысқа дайындайды. Бір айдан кейін бай екі баласын жарысқа шақырды. Адамдарға: “Қош келдіңіздер! Мен екі баламды жарыстырамын. Озғанына байлығымды қалдырамын”, – дейді. Асан және Үсен екеуі жарысады. Асан озып кетеді. Бай бар мал-дүниесін Асанға береді. Үсенге жалқаулығы үшін ештеңе қалдырмайды. Десе де, Асанға көмекші бол деп өсиетін қалдырады.Үсен қатесін біліп, көп еңбек етеді. Ақырында Асан және Үсен екеуі де баянды өмір сүреді.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp