«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰРЫНҒЫ ӘДЕТІНЕ БАСЫП, тағы бір қылмыстық істі арқалайтын болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлердің қырағылығының арқасында бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасаған Петропавл қаласының тұрғыны қолға түсті. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған әйел адам істі бола тұра, бұрынғы әдетін жалғастырып жүрген жерінен ұсталды.
Басқа қылмыс бойынша жедел шараларды атқарып жүрген полицейлер Серік Әлжанов пен Влас Клишинге бұл нәзік жан жақсы таныс. Ол осыған дейін бірнеше рет қала дүкендерінен әйелдер киім-кешегін ұрлап, қылмыс жасаған. Ұрының М.Әуезов көшесі бойындағы дүкендердің біріне кіріп бара жатқанын көріп, тәртіп сақшылары оны бақылауға алған. Бірер уақыттан соң 30 жастағы келіншек дүкеннен пакет ала шыққан. Полицейлер пакетті тінткен кезде әлгі әйелдің жаңа киім-кешекті ұрлап алғанын әшкереледі.
Әйел адам осыған дейін қала дүкендерінде он шақты рет ұрлық жасаған. Ол осы сәуір айының басында кезекті рет ұрлық жасаған жерінен ұсталған болатын. Барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатылды. Тергеу кезінде анықталғандай, “пысық” келіншек “Ассорти”, “Тауарлар әлемі”, “Аль-Таир”, “Зара”, “Трикотаж әлемі” дүкендерінен және “Тайга” базарынан киім ұрлап келген. Олардың көбі тәркіленді.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp