«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ЖЫЛДА 98 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2011 жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу үшін 395 млн. теңге бөлініп, ол 100 пайыз игерілді. Бұл қаражатқа көпқабатты 46 тұрғын үй жөнделді.
2012 жылы бұл мақсатқа 812,5 млн. теңге жұмсалды, ол 43 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге Айыртау ауданында 47,7 млн. теңгеге – 2, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 56,3 млн. теңгеге – 4, Тайынша ауданында 11,5 млн. теңгеге 2 тұрғын үй қалпына келтірілді. 2011 жылдан қайтарылған 118,2 млн. теңге қаражатқа облыс орталығында 9 үй жөндеуден өтті. Былтыр 1383 пәтер иесі үйлерін жөндеу үшін 103 млн. теңгенің тұрғын үй көмегін пайдаланды.
Тұтастай алғанда ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған екі жыл ішінде жалпы алаңы 425 мың шаршы метр болатын көпқабатты 98 тұрғын үй жөнделді. Олардың шатырлары мен қасбеттері қалпына келтірілді, инженерлік желілері мен лифтілері ауыстырылды.
2013 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша 2011-2012 жылдардағы пәтер иелерінен қайтарылған қаражат жоспардағы 90,1 млн. теңгенің орнына 250,4 млн. теңгені құрады.
Биыл ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд. 625 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат жалпы алаңы 230,3 мың шаршы метрді құрайтын 60 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік береді. Соған орай 51 үйдің шатырын, 26 үйдің қасбетін, сонша үйдің кіреберісін қалпына келтіру, 40 үйдің инженерлік желісін, 6 үйдің лифтісін ауыстыру қарастырылып отыр. Бұл үйлерде терможаңғырту элементтерімен бірге кешенді жөндеу, яғни қозғалыс тетіктері мен жылу есептегіштерін, АЖҚ (автоматты жылыту қосындарын) орнату, панельаралық жіктерді қымтау және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу жоспарланған.

(ТКШ және Энергетика басқармасының мәліметі бойынша әзірленді).

   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp