«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ СОҒЫП, МЕРТ ҚЫЛҒАН қашқын жүргізуші қолға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Облыс орталығында жаяу жүргіншіні соғып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Жәбірленуші жол-көлік апаты орнында жан тапсырған.

Я.Гашек көшесі бойында жатқан ер адамның мүрдесін автобус жүргізушісі байқап, полицияға хабарлаған. Жер жастанған жігіт 1983 жылы туған, №2 жылу-электр орталығында жұмыс істеген. Ол жұмыс орнынан жаяу келе жатқан кезінде көлік астына түсіп, оның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Апат орнынан табылған көлік сынықтарын зерттей келе, жаяу жүргіншіні “ВАЗ-2106” маркалы жеңіл көліктің соққандығы белгілі болды. Үш күн бойы осындай 250-ден астам көлік тексерілді. Ақыры, “Гедеон” құрылыс базасы қоймаларының бірінде осы маркалы зақымдалған автокөліктің жасырулы тұрғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Қалалық ІІБ жедел уәкілдері қойманы тінту кезінде құрылыс материалдарының арасына жасырылған автокөлікті тауып алды. Оның жүргізушісін анықтау қиындық тудырған жоқ, ол “Гедеон” фирмасының аумағында орналасқан жеке кәсіпорынның қойма меңгерушісінің көмекшісі болып шықты. 
27 жастағы ер-азамат оқиға орын алған күні таныстарымен бірлесіп арақ ішкен. Мас болғаны соншалықты, жаяу жүргіншіні қалайша соғып кеткені де есінде жоқ. Таныстарының көмегімен көлігін қоймаға кіргізіп, құрылыс материалдарымен жауып тастаған.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы (“Көлік жүргізген тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы” және “Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу”) бойынша іс қозғалды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp