«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖYМБАKТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлима ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.
(Киіз үй).

Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
(Кереге, шаңырақ).

Тақиялы сүмбі тал тізбегі,
Ақ шапан жамылды жүн тегі.
(Үзік).

Ұшы екі айыр ақ таяқ,
Сүйеніп тұр жатпай-ақ.
(Бақан).

Түріліп тұрар бір басы,
Бұрышсыз үйдің мұржасы.
(Түндік).

Келсең, жолды ашады,
Кетсең, жолды жабады.
(Есік).

Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.
(Құлып).

Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.
(Шатыр).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp