Петропавл қаласы 2013 жылғы 12 сәуір №123
Петропавл қаласы 2013 жылғы 12 сәуір №14/1
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері 1-қосымшаға сәйкес таратылсын.
2. Тұрақты халқының саны елу адамнан кем Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері 2-қосымшаға сәйкес таратылсын.
3. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендері осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-тармағында көрсетілген таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамына енгізу жолымен 3-қосымшаға сәйкес қайта құрылсын.
4. Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық (селолық) округтері 4-қосымшаға сәйкес таратылсын.
5. Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық (селолық) округтері осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4-тармағында көрсетілген таратылған ауылдық (селолық) округтердің елді мекендерін олардың әкімшілік бағыныштылығына бере отыра, 5-қосымшаға сәйкес қайта құрылсын.
6. Солтүстік Қазақстан облысының аудандық өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5-тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысының қайта құрылған ауылдық (селолық) округтерінің шекаралары өзгертілсін.
7. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Аютас селолық округінің Мерген ауылы Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Городецкий селолық округінің әкімшілік бағыныштылығына берілсін.
8. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Городецкий және Аютас селолық округтерінің шекаралары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес өзгертілсін.
9. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді есепті деректерден шығаруды қамтамасыз етсін.
10. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
хатшысы Қ. ЕДІРЕСОВ.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ХІV
сессиясының
төрағасы Е. КОНОПЛЕВА.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылы 22 сәуірде облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2251.