«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 1 сәуірге облыста 9177 заңды тұлға тіркелген.
Тіркелген заңды тұлғалар мөлшері бойынша төмендегідей бөлінді: 8478 (92,4%) – шағын (50 адамға дейін), 630 (6,9) – орта (51-ден 250 адамға дейін) және 69 (0,7%) – ірі (250 адамнан артық) кәсіпорындар.
5501 заңды тұлға белсенді болып табылды (59,9%), 423 (4,6) уақытша жұмыс істемейді, 372-сі (4,1) – әлі жұмыс істемейтіндер (жаңалары), 87 (0,9%) – таратылу процесінде.
Тіркелген 6932 заңды тұлға (75,5%) жекеменшік, 1877 (20,5) мемлекеттік меншік нысанында және 368 (4,0%) – шетелдік нысан меншігінде.
Тіркелген заңды тұлғалар шаруашылық жүргізудің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары бойынша төмендегідей бөлінеді: 5989 (65,3%) – шаруашылық серіктестіктер; 1602 (17,5) – мекемелер; 632 (6,9) – тұтыну кооперативтері; 336 (3,6) – мемлекеттік кәсіпорындар; 295 (3,2) – қоғамдық бірлестіктер; 97 (1,0) – қорлар; 79 (0,9) – діни бірлестіктер; 64 (0,7) – өндірістік кооперативтер; 49 (0,5) – акционерлік қоғамдар; 28 (0,3) – қауымдастық түріндегі заңды тұлғалардың бірлестіктері; 6 (0,1%) – коммерциялық емес ұйымдастырудың басқа да ұйымдастырушылық құқықтық нысандары.
Облыстық статистика департаменті.

 

Облыстағы инвестициялық қызмет

2013 жылғы қаңтар-наурызда облыс бойынша барлық инвестицияның 4%-дан сәл астамы тұрғын үй құрылысына бағытталған.
Үстіміздегі жылғы 3 ай ішінде облыста негізгі капиталға құйылған 9912,2 млн. теңге инвестиция игерілді, ол өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 70%-дан астамы машиналар, жабдықтар, аспаптар және құрал-саймандар сатып алуға жұмсалған. Ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеумен байланысты шығындардың үлес салмағы 22,4%-ды құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындардың меншікті қаражаты болып табылады, оған 83,3% келеді, мемлекеттік бюджет қаражаты 11,5%-ды, қарыздық 5,2%-ды құрайды.
Инвестициялар салынған ауыл, орман және балық шаруашылығы (облыс бойынша инвестициялар көлемінің 62,6%-ы), өнеркәсіп (13%), көлік және қоймалау (8%) басым салалар болып табылады. Тұрғын үй құрылысына 423,6 млн.теңге бағытталды, ол 2012 жылғы қаңтар-наурыздан 1,9 есе артық.
Облыс аудандары арасында инвестицияларды игеру бойынша барынша үлкен үлес салмағы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға (34,2%) және Петропавл қаласына (20,5%) тиесілі.
Облыстық Статистика департаменті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp