Жер бетінің 70 пайыздан астамын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Олар миллиондаған тіршілік иесінің мекені болған жердің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Ғалымдардың айтуынша, мұхиттардағы тіршілік үш миллиард жыл бұрын басталған. Бүгінде бізге белгілі 1 миллионнан астам жануар және өсімдік түрлері мұхиттарда тіршілік етеді.
Теңіз бен мұхиттың айырмашылығы: теңіз – мұхиттың шағын түрі. Теңізді құрлық қоршап жатады. Оның мол суы жаппай тұзды болып келеді. Ірі көлдер кейде “ішкі теңіз” деп те аталады.
Теңіздер мен мұхиттардағы су жануарлары үш топқа бөлінеді. Олар: зоопланктон, нектон және бентос. “Медуза” және “Португал сарбазы” деп аталатын зоопланктондар – дрифтерлі мақұлықтар. Олар салыстырмалы түрде алғанда өте ірі болып өседі. Нектондар – суда емін-еркін жүзетін хайуандар. Кәдімгі балық түрлері, сегізаяқ, кит, угорлар мен кальмар нектондар қатарынан саналады. Бентос тобының теңіз жануарлары өмірінің басым бөлігін мұхит түбінде өткізеді. Теңіз жануарларының бұл тобына лобстерлер, теңіз жұлдыздары, әр алуан құрттар, ұлулар, моллюскілер және тағы басқалары жатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp