Астанада паралимпиадалық кеш өтті. “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ кеңсесінде өткен шара барысында халықаралық сайыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшыларға он қоларба табысталды. Қоларбалардың бірі жерлес спортшы Владимир Эрманға да салтанатты түрде тапсырылды.
Сонымен қатар елімізде Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық комитеті құрылды. Комитет “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорымен еліміздегі мүгедектер спортын дамыту туралы екіжақты келісімге қол қойды. Содан соң Бейбітшілік және келісім сарайында “Тең мүмкіндіктер спорты” ұлттық жобасы аясында тұңғыш рет “Қайсар тұлға” сыйлығы тапсырылды. Отандық паралимпиада қозғалысының тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған шарада мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына, қалалық, облыстық клубтарға және меценаттар мен спорт мектептерінің мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында паралимпиадалық ойындарда ел намысын қорғаған спортшылар “Қайсар тұлға” сыйлығымен марапатталды. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Харламов пен облыстық мүгедектер спортының аға жаттықтырушысы Вячеслав Латышев болды. Спортшыларға сыйлықты Лондонда өткен отызыншы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров табыстады.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.