«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында “Қазақстан жастары және зейнетақы жүйесі” тақырыбында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шараға өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары, жоғары оқу орындарындағы және колледждердегі жастар жетекшілері қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Онда Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Жанахмет Тасшығұлов хабарлама жасады.
Ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, зейнетақы жинақтау жүйесінің тиімділігін арттыру секілді мәселелер жайында сөз қозғады. Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін өзгертіп жатқан жағдайға байланысты бейімдей бастады. Мұндай жаңғыру Қазақстан үшін де өзекті. Қазір Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың базалық, міндетті (ынтымақтастық және жинақтаушы) және ерікті түрлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе жұмыс істейді.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалы директорының орынбасары Сәуле Дүйсенбинаның да пікірі осындай.
– Әйелдер зейнетақы жинақтау жүйесіне 5 жылға кем қатысып жүр. Бұл өздерінің алатұғын зейнетақы мөлшеріне де ықпал етуде. Біз 1998 жылға дейін 1956 жылғы зейнетақы туралы заңмен жұмыс істеп келдік. Өзім біраз жылдан бері осы салада қызмет етіп келе жатқандықтан, мен бұл мәселенің қандай өзекті екенін жақсы білемін. Күнделікті азаматтармен бетпе-бет келгенде де көп жағдайда өзгеріс керек екені аңғарылады. Бүгінде зейнетақы саласын жаңғырту қажет екені анық. Оны уақыт талабына сәйкестендіру керек, – деді ол.
Қазіргі жастардың қай-қайсысы да ертең зейнеткерлікке шыққан кезде қомақты зейнетақы алғанын қалайды. Ендеше, шараға қатысқан өңір жастарының қолға алған реформаға сенімі мол.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp