Ресейде 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен бүкілресейлік турнир өтті. Петухово қаласында өткен сайыста Ресей мен Қазақстаннан 18 команда, 200-ден аса спортшы бақ пен баптарын сынады.
Аталмыш сайыста өңір спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Андрей Пилипенко (26 кг.) – бірінші орын, Даниил Ребров (29 кг.) пен Алмаз Оразалиев (47 кг.) – екінші, ал Роман Эйфельд (26 кг.) пен Давид Звягинцев (32 кг.) үшінші орыннан көрінді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp