«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАНДЫҚТАР МЫҚТЫ ЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ауыр атлетикадан облыс біріншілігі өтті. Оған 8 ауданның және қалалық осындай мектептің 1996-1997 жылдары туған 75 зілтеміршісі қатысып, бақ сынады.
Он салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыстың қорытындысында қарсыластарынан басым түскен Мағжан Жұмабаев ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Одан сәл артта қалған Ақ жар ауданының құрамасы – екінші, ал есілдіктер үшінші орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
Облыс біріншілігі барысында жеңімпаз атанған 10 зілтемірші мамыр айында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан оқушылар арасында өтетін спартакиадада өңір намысын қорғайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp