«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің үлгісі ӨЗГЕЛЕРГЕ ОЙ САЛСА ИГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жібек МӘМБЕТОВА,

Мамлют аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттерге есептік-кассалық қызмет көрсететін Қазынашылықтың бас басқармасы құрылған болатын. 20 жылға толар-толмас уақытта қазынашылық жүйесі мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды толық қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Бюджет көлемінің жылдан-жылға өсуі, бюджеттік бағдарламалар санының, сапасының артуы экономикамыздың нығайғанын көрсетеді.  

Қазынашылықта қызмет атқара жүріп, ауданымызда атқарылып жатқан көптеген жақсы істердің куәгері болып жүрміз. Мысалы, Мамлютка қаласында құрылысы бюджеттен қаржыландырылған алғашқы қазақ мектеп-интернатының ашылуы, аудан тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін су тарату жүйелерінің жаңартылуы, мектептердің, балабақшалардың, жолдардың күрделі жөнделуі соның айғағы. Өткен жылы Мамлютка қаласында 18 пәтерлік үйдің құрылысы басталса, Меңкесер ауылында “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша сумен қамту жүйесін қайта құру жұмыстары жалғастырылады.

Аудан әкімі Қанат Қалиевтің ұсынысын “Мәмбетов және К” КС басшылары қолдап, өз қаржыларына жобалық-сметалық құжаттамасын жасап беруінің арқасында “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша судың әр үйге тартылып беру жұмыстарына республикалық бюджеттен 2012-2013 жылдарға 242 млн. теңге бөлінді. Оның 90 млн. теңгесі былтыр игерілді. “Аймақтарды дамыту бағдарламасы” бойынша бюджет қаражаты бөлінуі үшін Меңкесер, Бексейіт ауылдарындағы жолдарды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс беріліп қойылды. Осы шаруашылық басшыларының өз жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз етуі, әрдайым мектептерге материалдық көмек көрсетуі, екі балабақша салуы, басқа мемлекеттік бағдарламаларды іске қосуға ықпал жасап жүргені – еліміздің дамуына қосқан елеулі үлес. Ол – басқа кәсіпорындар басшыларына үлгі. Әркім өз қызметін адал атқарса, Отан алдындағы борышын абыроймен орындаса, алға қойылған биік мақсаттарға жететініміз күмәнсіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp