«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ҚАЙТА ЖЕРЛЕНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылы 29 қазанда Санкт-Петербургтегі “Фронт” іздестіру бірлестігінің өкілі Юрий Гончар Көкшетау қаласының тарихи мұражайына 1907 жылы туған, Ұлы Отан соғысы жылдарында хабарсыз кеткен Василий Никитиннің туыстарын тауып беруге көмектесу туралы өтініш білдірді. Арықбалық ауданындағы Рухловка ауылының тумасы Василий Павлович 1941 жылы майданға алынып, 1942 жылы қаңтар айында хабарсыз кеткен. Василий Никитиннің сүйегі Новгород облысының Старорусс ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде табылған. Оның жанында жеке мүліктері, арнайы медальон, сурет немесе О.Е.Никитина (ол оның әйелі Ольга) деген ататегі жазылған әлдеқандай құжат болған.

Тарихи мұражай қызметкерлері 2 ай бойы қаза тапқан ардагердің туған-туысқандарын іздестірумен айналысты. Олар Солтүстік Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментпен хабарласты, онда Василий Павловичтің туыстары жайында ешқандай дерек болмай шықты, мұражай қызметкерлерінің БАҚ арқылы іздеу салғанынан да нәтиже болмады. Уақыт өте келе “Акмолинская правда” газеті арқылы мұражайға Көкшетау қаласында тұратын Вера Никитина деген азаматша қоңырау шалды. Вера Емельяновна сүйегі табылған жауынгердің ортаншы інісінің қызы екен.

Василий Никитиннің бірге туған 2 інісі мен 2 қарындасы бұл күндері өмірде жоқ болып шықты. Олардан туған 3 ұл да қайтыс болған көрінеді. Іні-қарындастарының немерелері Самарада, Краснояр өлкесінде, Германияда тұрады екен, жиендері де бар.

Жауынгердің туыстары ақылдаса келе, В.П.Никитиннің сүйегін әйелі мен барлық ағайындары мәңгілік орын тапқан Арықбалық ауылындағы қорымға жерлеуге шешім қабылдапты.

Таяуда Санкт-Петербург қаласындағы “Фронт” іздестіру бірлестігінен келген екі адамның жолақысы мен тұруына кететін шығынды қабылдаушы жақ өз мойнына алып отыр.

(Айыртау аудандық ішкі саясат бөлімінің материалы бойынша әзірленді).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp