«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ КЕШ татулық мерекесіне арналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығындағы И.Шухов атындағы орталық мемлекеттік кітапхананың ұйымдастыруымен ЕС 164/6 түзеу мекемесінде 1 мамыр мерекесіне орай “Жүректе бірлікке деген сенім бар” атты кеш өткізілді. Оның барысында сотталғандар Қазақстандағы бірлік пен татулық, ұлттар достығы тақырыбын қамтитын кітаптар көрмесін тамашалады.
Кешті ұйымдастырушылар бұған дейін де түрлі мерекелерге орай осы мекемеде патриоттық бағытта іс-шаралар өткізген. Бұл жолы кітапханашылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Отанға сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу, елде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріне деген құрмет мақсатында кеш ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері Елена Филкова мен Анна Шарипова сотталғандарға аталмыш мерекенің шығу тарихы туралы айтып, оның әр кезеңде қалай аталып өткендігін, содан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайында баяндап берді. Кеш көрермендері елде тұратын барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне арналған “Қазақстан халқы” викторинасына қатысып, өз білімдерін сынап көрді.
Кеш соңында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы орыс ұлттық-мәдени орталығының өнерпаздары концерт берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp