«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІП-ҚАТЕР ҚЫСТА – АЗ, ЖАЗДА – КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте І тоқсанның қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. 

 

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаев Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрттен сақтандыру, тұрғындар арасында жүргізілген алдын алу шаралары туралы баяндады. ТЖД бөлімшесі басшысының айтуына қарағанда, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өрт саны 20 пайызға азайып, одан келген материалдық шығын 9 пайызға кеміген. Алайда, отта қайғылы қазаға ұшырағандар санының өсіміне жол беріліп отыр.

– Алдымызда атқаратын жұмыстар әлі де көп. Бұл мәселені шешуде БАҚ-пен әріптестік ынтымақтастыққа үміт артамыз. Өрт болған жағдайларды жеделдете көрсету, газеттерге, теле- және радиоарналарға берілген алдын алу жөніндегі ақпарат адамдардың санасына ерекше әсер етіп, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды, – дей келіп, Нұрлан Бауыржанұлы тілсіз жаудың көктем-жаз айларында белең алатындығына, оған ормандарда, астықты алқаптарда, аулаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болатындығына тоқталды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Асхат Бәкішев өз саласы бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, су тасқынының жағдайына талдау жасады.

Суда құтқару қызметінің басшысы Виктор Держанский облыстың су қоймаларындағы жағдайды, суда төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өздері атқарып жатқан шараларды сөз етті.

Баспасөз мәслихаты барысында құрылымдық бөлімшелердің өкілдері тілшілердің сан алуан сауалдарына жауап қайтарып, азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауына байланысты қолданылатын жауапкершілік шаралары жөнінде айтып берді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp