«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ЕСЕП БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар су” ЖШС 2012 жылдың төртінші тоқсанында атқарған жұмысы жөнінде есеп берді. Осы уақыт аралығында серіктестік 3 млн. текше метр су таратып, шамамен осынша мөлшерде ағынды суды қабылдаған. Жалпы негізгі кірістің мөлшері – 309 миллион теңге.

Әспет ӘБДІРЕШОВА,

журналист.

– Кәсіпорын шығынының мөлшері – 12 млн. теңге. Арнайы жоспарға сәйкес, судың бағасы көтерілген жағдайда су есептегіш құралдарын орнатқандар тарифтің көтерілгендігін байқамайды. Айырмашылықты есептеуіш құралдарын орнатпағандар сезінуі мүмкін, – деді “Қызылжар су” ЖШС экономисі Елена Петрова.

“Қызылжар” ЖШС-де шамамен 950 адам қызмет етеді. Кәсіпорынға түскен қаржы негізінен жұмысшылардың жалақысы мен жөндеу жұмыстарына кетеді, – дейді кәсіпорынның бас директоры Аслан Сатин.

– Серіктестіктің тұтынушылары – қала тұрғындары мен барлық кәсіпорындар. Тұтынушы абоненттердің жалпы саны – 99565. Жалпы абоненттердің 73 пайызын жеке тұлғалар құрайды, – деді Аслан Сатин.

Қоғамдық жиынға қатысқандардың көбін негізінен “Судың бағасы көтеріле ме?” – деген сұрақ мазалады. Кәсіпорын мамандары бұл ретте мамыр айының соңына дейін ұсыныстар қабылданып, соған байланысты шешім Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінде қаралатындығын айтты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp