Облыстық Сот актілерін орындау департаментінде 2013 жылғы І тоқсанның нәтижесі бойынша алқа отырысы өтті.
Департаменттің орындауында жалпы сомасы шамамен 38 млрд. теңгенің 53 мың атқарушылық іс жүргізу болды, бұл өткен жылға қарағанда 7%-ға артық.
2013 жылдың басынан бастап департаменттің орындауына 5 млрд. теңге сомасында 18 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп.
Бірінші тоқсанда 14 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу аяқталды, оның нәтижесінде шамамен 3 млрд. теңге өндіріп алынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.
Бір сот орындаушысының жүктемесі орташа есеппен 210 құжатты құрайды.
Сот актілерін орындау департаментінің барлық аумақтық бөлімдеріне негізгі бағыттар бойынша атқарушылық іс жүргізуде рейтинг бағаларын жетілдіру бойынша нұсқау берілді.
Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің
баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp