«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗ БЕРЕТІН БАСТЫ БІЛІМ – бірлік, достық, келісім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира КӘРІМОВА,
№17 ұлттық өркендеу
мектеп-кешенінің директоры.

 

Қазақтың қасиетті шаңырағы астында көптеген этностардың өзара түсіністік пен ауызбіршілікте тату-тәтті өмір сүріп отырғанына алыс-жақынның қызығушылықпен көз тігетіні анық. Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуды мемлекеттік саясаттың бастысына балап, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елімізде татулық пен бірлікті сақтауға көп көңіл бөліп келеді. Жоғары патриоттық сезімі бар, рухани жан дүниесі мол азамат тәрбиелеу – біздің алдымыздағы басым міндеттердің бірі. “Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда” екенін халқымыз әу бастан бұл сөздердің мәнін терең ұғына білген.

 

№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені ассамблеяның мәдени-білім беретін ошағы бола отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру үшін еліміздің тұтас стратегиясын табысты жүзеге асыруда.

Ел тәуелсіздігінің құрдасы болып отырған №17 орта мектеп-кешенінде 9 ұлт өкілдеріне жалпы білім берумен қатар өз тілі мен мәдениетін оқып-үйренуге жағдай жасалған. Ұлттық өркендеу мектеп құрылған кезден бастап мұғалімдер өз халқының ана тілін, тарихын, мәдениетін үйрету үшін ғылыми-эксперт тобы ұсынған авторлық бағдарламалары бойынша жұмыс істеп келеді.

Ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің білім беру қызметінің моделі базалық құндылықтар мен этно-мәдени білім беру мазмұны белгіленген тұжырымдамамен анықталады және ол бір-бірімен байланысты екі міндетті жүзеге асыруға бағытталды: тұлғаға әртүрлі мәдени тәрбие беру, әртүрлі тілді үйрету және қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру. Үшінші жыл қатарынан мектепте үздіксіз оқытуды анықтайтын “Бірлік” атты ұлттық өркендеу және келісім кешенінің мекемеаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері – мектеп қызметі заманауи қазақстандық қоғамдағы өмірде балаға әсер ету, оның рухани-адамгершілік сапасын, әлеуметтік белсенділігін, жеке, кәсіптік білім алуын және икемін дамыту арқылы ділін ескере отырып, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін үйрету, өңірде тұрып жатқан халықтардың этномәдениетінің әртүрлілігімен таныстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интернационалдық сананы қалыптастыру, білім беру мекемесінде ерекше әлеуметтік мәдени кеңістік құру.

Бұл орайда Елбасының мемлекеттің тіл саясатын жүргізудегі негізгі бағыттары мектебімізде орындалып отырғанын мақтанышпен айтамыз. “Тіл негізі – ел негізі”, “Мағжан – ұлт ақыны”, “Абай мәңгі бізбен” және тағы да басқа іс-шараларды қазақ тілі мұғалімдері мен ұлттық мектептің мұғалімдері қосылып, мемлекеттік тіл пәні мазмұнын оқушының өмірлік дағдыларына негіздей отырып, жетілдірудің өзектілігін арттыра түсуде. Бұл, әлбетте, нәтижеге бағдарланған білім моделі аясындағы барлық қағидаларды ескеруге мүдделілік туғызады. Өйткені, жаңа жүйені, оған қатысты мәселелерді жеке-дара емес, біртұтастықта қарастырғанда ғана сенімді түрде енгізуге болады. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мұғалім кәсібіне деген жоғары талап. Мұғалімдер жыл сайын біліктіліктерін арттырып отырады. 2012-2013 оқу жылында поляк тілі мұғалімі М. Тябус пен әзірбайжан тілі мұғалімі Г. Джафаров Алматы қаласында ЕҚЫҰ бағыты бойынша өткен “Оқыту барысында тілдерді меңгеруде инновациялық және интерактивті әдістерді қолдану” республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының делегаттары атанды.

Аталмыш үздіксіз оқытуды көздейтін тұжырымдаманың әр жобасы болашақта толық іске асқанда білім мекемесінде ерекше әлеуметтік мәдени кеңістік құрылып, мектебіміздің мәдени өрісінің қалыптасуына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қазақстандық патриотизмді дамытуға бағыты ерекшеленеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp