«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІСКЕ САҚАДАЙ САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс барысымен Есіл ауданында болып, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. 

Назерке ТҰРСЫНОВА,

журналист.

Өңір басшысы ат басын тіреген “Азия – Тораңғұл” ЖШС-де 800 бас ірі қара бар, былтыр шаруашылыққа ангус пен герефорд тұқымды ірі қара әкелінген. Петр Гольцер биыл мал басын әлі де ұлғайтпақ.

Облыс әкімі жайылымдарды аралап, “Атамекен Агро Корнеевка” ЖШС-ге де барды. Мұнда 146 бас ірі қара бар. Ал Корнеевка ауылындағы “Мария” өндіріс орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Сондай-ақ мұнда балташы цехы жұмыс істеп тұр. Жеңіл көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына керекті құрал-сайман сататын арнайы дүкен де бар.

Өңір басшысы Корнеевкадағы гимназияға да бет бұрды. Қазіргі таңда оқу орнында 208 оқушы бар, оның 147-сі 1 мен 11-сыныпта оқыса, 61-і мектепке дейінгі тәрбие алып жатыр. Интернатта 50 бала тұрады. Ұстаздардың айтуынша, мектеп аудан бойынша ҰБТ-да жыл сайын алғашқы орындарды иеленіп жүр.

 

Облыс әкімі Есіл ауданына қарасты Волошинка елді мекенінде де болды. Бұл ауылда өңір жетекшісі “Пушкинское” ЖШС-нің ауыл шаруашылығы техникасының көктемгі егіс науқанына даярлығымен танысты. Мұндағы техника егіс науқанына сақадай сай тұр.

 

Сондай-ақ Волошинка ауылында өрт сөндіру депосы да жұмыс істейді. Онда 3 адам жұмыспен қамтылған. Ал “Пушинское” ЖШС диірмені тәулігіне 15 тонна бидай тартады.

Осылайша бірқатар нысандарды аралаған өңір басшысы биылғы көктемгі егіс науқанына қатысты кеңес өткізді. Жиын басында аудан әкімі Ерік Нұрақаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.

“Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші, негізінен, шағын және орта бизнестің дамуына байланысты. Аудан аумағында 75-8 шағын бизнес субъектісі бар. Онда 4,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Көбі – саудасаттық саласындағы құрылымдар. Бірақ қазірдің өзінде өндіріс және ұқсату салаларына көп көңіл бөлінуде. Олар 6 млрд.-тан астам теңгенің тауарын шығарды”, – деді аудан басшысы.

Жергілікті агроқұрылымдардың жетекшілері көктемгі егіс науқанына дайындықтары жайлы баяндады.

Өңір басшысы облыста агро-құрылымдарға барлық жағдай жасалғанын және жыл сайын мемлекеттің қолдауы артып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ Самат Ескендіров ауылдарда жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды жандандыра түсу керек, деді. Орташа еңбекақыны да 80-85 мың теңгеге жеткізу қажеттігі қадап айтылды. “Сол арқылы жұмысшылардың өз қызметіне деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырамыз”, – деді өңір басшысы.

Жиын барысында жергілікті агрономдардың бірі нан бағасын көтеруді сұрады. “Себебі, еңбегіміз ақталмайды, ал нан бағасы болса, өте арзан”, – деп өтініш білдірді ол. Алайда, өңір басшысы оның бұл ұсынысын қолдаған жоқ, нан бағасы тұрақты екенін баса айтты.

Облыс әкімі жиынды “көктемгі егіс науқанының сапалы да тиянақты өткізу – өз қолдарыңыз да”, – деп қорытындылады.

   

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp