«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Достық, татулық және келісім – еліміздің ең зор дәулеті, бұл біздің бүкіл жетістіктеріміз бен өзгерістеріміздің негізі. Қазақстандықтар бірліктің, сенімнің және төзімділіктің нәтижесінде тәуелсіз мемлекет орнатты, серпінді дамыған тиімді экономикасы бар және келер ұрпаққа лайықты келешекті қамтамасыз етті. Ұлтаралық бірлік пен төзімділіктің қазақстандық тәжірибесі әлемде көптеген елдер үшін дәлелді түрде үлгі болып табылады. Біздің гүлденген Астанамыз әлемдік конфессиялардың жаһандық үнқатысуының орталығы ретінде танылып отыр.

Ұлтаралық және дінаралық келісім ел Президентінің жаңа “Қазақстан – 2050” Стратегиясының түбегейлі бағыттарының біріне айналды, оның негізі діни және ұлттық белгілеріне қарамастан, еліміздің бүкіл азаматтарының құқықтарының теңдігі ұстанымы болып табылады.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2013 жылғы 24 сәуірде өткен ХХ мерейтойлық сессиясында былай деп атап көрсетті: “Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді. Қоғамдық келісім біртұтас полиэтносты халық, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс”.

 

Елбасының бастамасы бойынша құрылған бірегей жалпы-азаматтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы орынды түрде тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді де нық іргетасы болып табылады. Және де жаңа жағдайда оның рөлі мен қызметі тек қана арта түсіп отыр. Қазақстандықтардың туған жердегі татулық пен тыныштықты сақтау жолындағы жауапкершілігін сан мәрте күшейтетін Ассамблеяны дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Қоғамдық келісім барша халықтың басты ұстанымына, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының нормасына айналып отыр.

Сөз жоқ, солтүстікқазақстандықтар да осынау мызғымас құндылықтарды нығайтуға өз үлестерін қосуда. Облысымызда жүзден астам ұлт өкілдері татулық пен достық ахуалында өмір сүруде. Бұл – біздің ортақ мақтанышымыз әрі жетістігіміз.

Қымбатты жерлестер!

Алдымызда бізді әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтеді. Біз бір жерде, өзінің қазақстандық жолын таңдаған біртұтас халық болып өмір сүріп отырмыз. Біз ыждағаттылық, еңбексүйгіштік және мақсаткерлік сияқты мәңгілік қасиеттермен қаруланғанда ғана Отанымыздың лайықты болашағын қорғай да, құра да аламыз.

Ұлы мереке күні әрбір отбасыға бақыт, денсаулық, жақсылық және амандық-саулық, ал елімізге тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp