«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕТКІНШЕК” ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Республикалық “Жеткіншек” жедел-алдын алу шарасы аясында жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алу бойынша рейдтер жүргізілді.
Тайынша ауданының Чкалов ауылында жасөспірімдер қылмысының алдын алу тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Тайынша АІІБ бастығы Абай Тастеміров әкімшілік полиция бөлімінің жыл басынан атқарған жұмысына тоқталып, проблемаларды ортаға салып, талқылады. Мәселен, ауданда қоғамдық орындарда мас күйде жүрген – 37, қоғамдық тәртіпті сақтамаған 47 жасөспірім жауапқа тартылған.
Семинар қорытындысы бойынша бұл жұмыс жалғасатын болды, тәртіп сақшылары жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуда өзге ведомстволардан көмек сұрады. Аудан жұртшылығы бірігіп әрекет етуді бірауыздан қолдап отыр.
Аталмыш шара барысында әкімшілік полиция қызметкерлері 455 кәмелетке толмаған баланы полиция бөліміне жеткізді. Олардың 83-і – әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 26-сының спирттік ішімдік тұтынғаны анықталды. Әлеуметтік тұрмысы нашар 194 отбасы тіркеуге қойылды. Бұл шараға саламатты өмір салтын насихаттау тобы да қатысты. Олар қала тұрғындарына темекі мен алкоголь өнімдерінен аулақ болу жайындағы парақшалар таратты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp