«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙРА ЖӘКІМСАЛОВА – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ара-сында “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” облыстық байқауы өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш байқауға қатысушыларға қойылатын талап жыл сайын жоғарылауда. Осы орайда байқауға өзіне нық сенімділер ғана қатысуға тілек білдірген. Аталмыш байқауға 13 мұғалім қатысып, олар 2 кезеңде өз бақтарын сынады. Іріктеуден өткен 6 ұстаз қазылар алқасының алдында әртүрлі тақырыпта ашық сабақ өткізіп, олардың ішінен Аққайың аудандық әкімдігі аппаратының бас маманы Майра Жәкімсалова үздік деп танылды. Енді ол өңір намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайтын болады.
Бұл байқауда екінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан келген Мөлдір Алтынбекова иемденсе, үшінші орынды Қызылжар ауданының намысын қорғаған Жанар Құлақбаева алды.
(Өз тілшімізден).
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp