«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢҒЫБАСТАР ТІРКЕУГЕ АЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасы өтті. Тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түзсіз жоғалғандарды анықтап, тұтқындады.

Кезбе адамдар жиналатын орындарға: жылу құбырлары, бос қалған ғимараттар мен жертөлелерге рейд жүргізілді. Құжаты жоқ тұлғалар қалалық ішкі істер басқармасының қаңғыбастарды қабылдау-бөлу бөліміне жеткізілді. Бұл жерде олар барлық базалар арқылы тексеріліп, фото және бейне тіркеуге қойылды. Саусақ таңбалары алынды. 
“Қаңғыбас” шарасының бірінші күні облыс аумағында 36 қылмыс тіркелді. Соның 26-сының ізін суытпай аштық. Ертерек жасалған 5 қылмыс әшекерленді. Іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар 2 адам тұтқындалды. Оның үстіне із-түзсіз жоғалған екі азамат анықталды”, деп хабарлады СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының жедел аға уәкілі Андрей Бондаренко.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp