Боркидегі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде үстел теннисінен облыстың ашық чемпионаты өтті.
Онда Тимирязев, Қызылжар, Жамбыл, Тайынша, Ғабит Мүсі-репов атындағы және Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласының, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің командалары өнер көрсетті.
Командалық сайыста петропавл дықтарға тең келер команда болған жоқ. Университет – екінші, қызылжарлықтар үшінші орындардан көрінді.
Жекелей есепте ерлер арасында Владимир Лагутцев (Петропавл), қыздар арасында Ирина Пюрко (Петропавл) облыс чемпиондары атанды.
(Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты
бойынша әзірленді).