“Жеңіс” спорт кешенінде Солтүстік-Шығыс өңірлеріндегі қаржы полициясы органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс болып өтті.
Оған Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыс-тарының командалары қатысты.
Командалық есепте Павлодар об-лыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері бірінші орынды жеңіп алды. Алаң иелері – екінші, қостанайлықтар үшінші нәтиже көрсетті.
(Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты
бойынша әзірленді).